Өзбек басылымы: «Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы бармады»

0 10

2020 жылдың қазан айының соңында әйгілі «қазақстандық» журналист Борат Сағдиевтің шытырман оқиғаларының екінші бөлімінің премьерасы болады. Британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэн құпия түрде қазақстандық шенеуніктердің нағыз бас ауруына айналған танымал комедияның жалғасын түсірді. Борат оларды соңғы 16 жылда бері мазалап жүрді, енді тағы бір жанжал күтіп тұр, деп жазды uz.fergana.news

 Фергана осы оқиғаны ерінбей басынан бастап қайта еске түсіріп шығыпты.

«Он бес жыл бұрын, 2005 жылы 15 қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әйгілі британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэнге қарсы сот ісін жүргіземіз деп қорқытты. Бұған оның Лиссабонда өткен MTV European Awards-тағы өнері себеп болды. Саша Коэн шоудың жүргізушісі болды, онда ол алғаш рет Қазақстанның ойдан шығарылған тележурналисті — Борат Сағдиев түрінде пайда болды», делінген мақалада.

Бірақ, сайып келгенде, Республика билігі «әзілкештің айтқан барлық сандырақтарын ықпалды тұлғалар жоққа шығаратынын» түсініп, сотқа беруге батылы бармады, деп жазды өзбек басылымы

Leave A Reply

Your email address will not be published.