Google іздеу жүйесі Қазақстанда 2020 жылы ең жиі сұралған мәліметтер тізімін жариялады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өтіп бара жатқан 2020 жылы қазақстандықтар Google–дан «Коронавирус» сөзін ең жиі іздепті. 2020 жылдың «қашықтықтағы» жылға айналғаны белгілі. Осыған байланысты білім ресурстарына деген сұраныс бірден артқан. Осылайша сұраныстардың алғашқы орындарына Онлайн мектеп, Күнделік.кз, Ок едус, Классрум және Білім ленд ресурстары жайғасқан.
Сонымен бірге қазақстандықтар АҚШ-тағы сайлау туралы ақпаратты, 42 500 теңге туралы мәліметті көп іздеген. Сондай-ақ Egov.kz порталына кіргендер де көп. «Қағаз үй» («Бумажный дом») сериалына деген сұраныс та жоғары болыпты.
Адамдардың есімі жағынан қазақстандықтар кенет қайтыс болған Айсұлтан Назарбаевты Google–дан көп іздепті. Екінші орында – Коби Брайант. Ол өткен жылдың қаңтар айында әуе апатынан қайтыс болған америкалық баскетболшы. Сонымен бірге қазақстандықтардың саясатқа қызығушылығы жоғары екені байқалады. Себебі Джо Байден, Дональд Трамп, Алексей Навальный және Александр Лукашенко секілді саясаткерлердің есімін іздеу жүйесіне қойып, көп іздепті. Сонымен қатар қазақстандық пайдаланушылар Михаил Ефремов, Артем Дзюба, Чедвик Боузман және Борис Клюев туралы ақпаратты да іздеген.
Қазақстандық Google пайдаланушыларының нұсқасы бойынша жыл фильмі — «Жұқтыру» («Заражение») триллері. Сонымен бірге «Жылдың фильмі» категориясындағы ең сұранысқа көп ие болғандардың қатарында «Бабалар үні» («Зов предков»), «Содан соң 2» («После 2»), «365 күн» («365 дней»), «Холоп» комедиясы және «Мұзды өлке — 2» («Холодное сердце 2») және «Малефисента 2» бар.
Үздік ондыққа Гай Ричидің «Джентльмендер» қылмыстық комедиясы мен өткен жылдың «Үздік фильмі» номинациясында «Оскар» сыйлығын және өзге де көптеген айтулы марапаттарды алған оңтүстік кореялық картина «Паразиттер» кірді. Отандық кинематографтан Топ-10–дыққа «Бизнес по-казахски в Корее» комедиясы енген. «Жылдың сериалы» категориясының көшбасшы үштігіне «Қағаз үй» («Бумажный дом»), «Элита» және «Қатыгез Ыстанбұл» («Жестокий Стамбул») сериалдары кірді. Қазақстандықтар бұрынғыдай түрік және оңтүстіккорейлік сериалдарды көп қөреді.
«…дегенiмiз не?» деген сұрақты қоя отырып, қазақстандық Google пайдаланушылары БСН, пандемия және БӘЖ-дің не екенін білгісі келіпті. Сонымен бірге қазақстандықтар IBAN, кластер, үстеу, эпитет, ҰАД, сөз тіркесі мен коронавирус мағыналарына жиі қараған. 2020 жылы «Жылдың сатып алынған заты» санатында тағы да үш жыл қатарынан – теміржол билеті жеңімпаз атанды. Сонымен бірге осы жылы қазақстандықтарды пульсоксиметрді, Алматы қаласындағы үйлерді, бассейн мен велосипед сатып алу жайлы ақпарат қызықтырған.
2020 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі келесідей:
Ең әйгілі сұранымдар:
1. Коронавирус
2. Онлайн мектеп
3. 42500 еңбек kz
4. Білім ленд
5. Egov.kz
6. Ок едус
7. Күнделік кз
8. АҚШ-тағы сайлау
9. Қағаз үй
10. Классрум
Жылдың фильмі:
1. Жұқтыру
2. Мұзды өлке 2
3. Джентльмендер
4. Паразиттер
5. Содан соң 2
6. Бизнес по-казахски в Корее
7. Малефисента 2
8. 365 күн
9. Холоп
10. Бабалар үні
…дегеніміз не?
1. бин дегеніміз не
2. пандемия дегеніміз не
3. есп дегеніміз не
4. iban дегеніміз не
5. кластер дегеніміз не
6. наречие дегеніміз не
7. эпитет дегеніміз не
8. бмг дегеніміз не
9. словосочетание дегеніміз не
10. коронавирус дегеніміз не
Жылдың адамы:
1. Айсұлтан Назарбаев
2. Коби Брайант
3. Михаил Ефремов
4. Джо Байден
5. Алексей Навальный
6. Дональд Трамп
7. Артем Дзюба
8. Александр Лукашенко
9. Чедвик Боузман
10. Борис Клюев
Жылдың сериалы:
1. Қағаз үй
2. Элита
3. Қатыгез Ыстанбұл
4. Елшінің қызы
5. Есігімді қақ
6. Желді
7. Ведьмак
8. Король: Мәңгі монарх
9. Кумихо туралы ертегі
10. Есуас, бірақ бәрі дұрыс
Жылдың сатып алынған заты:
1. ЖД билеттер
2. Әуе билеттер
3. Бассейн
4. Алматыдағы үй
5. Пульсоксиметрлер
6. Крыша Алматы
7. Велосипед
8. Қарағанды пәтер
9. iPhone 12
10. Медициналық маскалар