Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша білім саласындағы 20 нысан биыл ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге 205 044,5 мың теңге қаралған. Аталған бағдарламаға енген білім нысандарының бірі Жамбыл атындағы мектеп – гимназиясы.
Биыл ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Ал Кон Сер лтд» ЖШС құрылысты мерзімімен аяқтады. Бұдан өзге аула клубтарына қоршаулар орнатылып, аудандық білім бөлімінің жылу трассасы қайта жаңғыртылған.
Ә.Төлепбергенов орта мектебінің ғимаратының терезелері ауыстырылып, бағдарлама аясында бөлінген қаражатқа аулалар абаттандырылды.