Ауыл еңбеккерлерін сауаттандыру қажет — Қайрат Айтуғанов

0 10

Нұр-Сұлтанда «Ауыл» партиясы атынан Парламент Мәжілісіне кандидат Қайрат Айтуғанов, Төлеутай Рахымбеков және Талғат Зейнуллин Кәсіподақтар федерациясының республикалық бақылаушылар штабының басшылығымен кездесіп, алдағы сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасын таныстыру барысында Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығында көп жағдайда еңбек қатынастары үлгілік еңбек шарттары шегінде формальды түрде ғана реттелетінін атап өтті.

— Шалғайдағы мал шаруашылықтарында және үй шаруасында жағдай тіпті нашар. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы барлық жағдайлар тиісті құжатсыз сөзбен ғана келісіледі. Осыған байланысты, еліміздің әрбір ауданында кәсіподақ қозғалысын жандандыру қажеттігі пісіп-жетілген. Ауыл еңбеккерлері өздерінің заңды құқықтарын түсіндіруге және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешуге аса мұқтаж,- деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.