Президент: Онлайн-петиция институтын заң жүзінде ресімдеуіміз керек

0 7

Біз онлайн-петиция институтын да заң жүзінде ресімдеуіміз керек. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

«Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік. Енді, азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалады. Бұл – талқыланып жатқан «Қоғамдық бақылау туралы» заң. Біз онлайн-петиция институтын да заң жүзінде ресімдеуіміз керек. Бұл бастамалардың мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.