Неліктен адам үлкейе келе тоңғақ болады?

0 7

Күздің екінші айы да аяқталуға қалды. Күндіз дала жылы болып тұрғанымен, таңда және кешке күн бірден қатты суып кетеді. Суық ауа райында жылы киімдеріңізді киіп, мойныңызға қалың шарф орап алып, жұмысқа бара жатсаңыз, алдыңыздан жеңіл киініп алған балаларды немесе студенттерді көресіз. Сол кезде бұрын сіз де солай тонбай, жүре беретініңіз еске түсті ме? Ендеше, неліктен адам үлкейе келе суықты қаттырақ сезеді? Бұл сұраққа Йель және Калифорния университетінің американдық ғалымдары жауап берді.

Адам ағзасындағы жылуды реттеуге майлы тіндегі ILC2 арнайы иммунды жасушалары жауап береді. Оның мөлшері адам үлкейе келе азая береді екен.

Мамандар ересек ағзаға белсенді жылу реттеу қабілетін қайтаруды ойлаған, бірақ  ILC2 өңделуін арттыратын заттарды қартайып келе жатқан бұлшықеттерге енгізу көмектеспеген, тіпті, керісінше, ол жұмыс істемейтін жасушалардың санын арттырып жіберген. Алайда зерттеушілер оларға жас ағзаның иммунды жасушаларын трансплантация жасағанда олар қайтадан төмен температураларды көтере алған.

Ересектерге жылуды реттеу қабілетін қайтаруға бола ма?

Ғалымдар адамның бұл қабілетін қалай қайтару керегін біледі, бірақ құптамайды. Себебі бұл — өте күрделі және қымбат процесс. Бір жағынан, адамның суыққа шыдауына тек жасы емес, жынысы, дене бітімі және тамақтану әдеті де әсер етеді.

Әйелдер ерлерге қарағанда, арықтар толықтарға қарағанда тез тонады. Алайда мұның өзінде тері қалыңдығы маңызды рөл атқарады, себебі жылу сонда сақталады.

Басқаларға қарағанда алкоголь жақсы көретіндер тоңғақ келеді, себебі спирт қан тамырларды кеңейтеді. Ал кеңейген қан тамырлар тері арқылы бөлініп кететін жылу береді.

Шай, соның ішінде, зімбір қосылған шай жақсы көретіндер сирек тонады, себебі бұл сусын ішкі органдарға қанның жақсы құйылуын қамтамасыз етеді.

Аяз кезінде қанағым өмірлік маңызы бар органдарға қайта бөлінуі үшін адам терісінің қан тамырлары тарылады, ал бұлшықеттер дірілдейді. Сондықтан қыста дірілдеп, қол-аяқтарымыздың тонуы — қалыпты жағдай.

Ағзаға үйреншіксіз температурамен күресуге қалай көмектесуге болады?

— Күніне 8 стақан су ішіңіз;
— Күндізгі рационыңыздан кофе сусындарының мөлшерін азайтыңыз;
— Шай секілді денені қыздыратын ыстық сусынды дәл үйден шығарда ішпеңіз;
— С дәруменін ішіңіз;
— Аязда темекі тартпаңыз;
— Көбірек қозғалыңыз;
— Бірнеше қабат бос киім киіңіз.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.