Тамақтану кезінде ескеретін 5 ереже

0 10

Адам күніне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбір қабылдау барысында астың мөлшері 2 алақанды қосқандағы уыс көлеміне тең болуы тиіс. Сонда қабылдаған ас асқазанның 3/4 бөлігін ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлімен әрекеттесуі үшін, мына ережелерді сақтау қажет. Бұл қарапайым ережелер ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне және сау болуға көмектеседі.

1. Суды жеткілікті мөлшерде ішу

Тамақтану кезінде көбірек су ішу керек. Ол зат алмасуды тездетеді. Қан плазмасы 92-95 пайыз судан тұрады. Сұйықтық қан-тамыр жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Оттегі мен глюкоза миға сумен бірге келеді, бұл жүйке қызметі үшін де маңызды.

Соынмен бірге су мидағы метаболизм өнімдері мен токсиндерді кетіреді. Судың жетіспеушілігі бас ауруы, шаршау және ас қорыту проблемаларын тудыруы мүмкін. Тамақтану кезінде шәй ішпеу керек. Ол темірдің ағзаға сіңуін тежейді.

2. Көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну

Көкөніс пен жеміс жидектен дайындалған тағамдар жүрек-қан тамырлары ауруларының және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің алдын алуда пайдалы. Олардың құрамындағы талшық ас қорытуды жақсартуға көмектеседі және жұқпалы аурулардың жұғуын азайтады.

Зерттеуге сәйкес дәрігерлер тәулігіне 500-800 грамм көкөніс пен жеміс жеуді ұсынған.

3. Қантты аз тұтыну керек

Қазір адамдар қантты көп мөлшерде тұтынады, себебі ол қолжетімді. Газдалған сусындар мен кондитер өнімдері ғана емес, кетчуп, тез дайындалатын ботқалар мен шұжықтарда да қант бар.

Қантты шамадан тыс тұтыну салдарынан 2 типті қант диабеті, бауыр жеткіліксіздігі, кариес, семіздік және басқа да аурулар туындайды. Сондықтан оның диетадағы мөлшерін бақылау керек.

4. Тамақтың құрамы мен калориясына назар аудару қажет

Өнімнің жапсырмасын мұқият қарап шығу және оқу пайдалы. Біз осылай қанты көп және жоғары калориялы тағамды біле аламыз.

5. Сүт өнімдерін үнемі тұтыну

Күніне бір порция сүт өнімдерін тұтыну салмақ қосу және 2 типті қант диабеті қаупін 18% төмендетеді. Құрамында қанты аз тағамдарды таңдау керек, себебі олар пайдалырақ.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.