Бау-бақшамен айналысу адам өмірін ұзартады

0 15

Ерте тұру – адам денсаулығына қажет әдет. Әсіресе, қарт адамдар үшін. Ерте тұрған адамның жүрек жұмысы мен қан айналымы реттеледі. Дене жаттығуы да жүрек жұмысына керек нәрсе. Бірақ таңын дене жаттығуымен бастайтын егде адамдар некен-саяқ.

Сондықтан мұндай адамдарға швед зерттеушілер «ерте тұрып бау-бақшамен айналысқаны дұрыс» дейді.

British Journal of Sports Medicine журналында жарық көрген зерттеуде швед ғалымдарының 4200 адамды тәжірибеге алып, 13 жылға жуық бақылағаны айтылады. Ғалымдар ең алдымен адамның ішімдік ішіп, темекі шеккені, диета ұстағаны денсаулығына қаншалық әсер ететінін бақылаған. Сондай-ақ, физикалық белсенділігі мен жаттығу жасау, қозғалу жайы да ескерілген.

Физикалық белсенділіктің ішінде көлік жөндеу, бау-бақшаға қарау, жеміс-жидек жинау сынды күнделікті шаруалар бар.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бау-бақшада жұмыс істегендердің жүрек ауруына шалдығуы мен жүрек талмасына тап болуы 27 пайыз аз боп шыққан. Адамзаттың бұрыннан бері айналысып келе жатқан шаруасы адам өмірін ұзартуға септігін тигізетіні осыдан белгілі болды. Физикалық белсенді адамның өмірі белсенді емеске қарағанда 30 пайыз ұзағырақ болатыны анықталды.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.