Маман тісті қалай күту керек екенін айтты

0 8

Нутрициолог Анна Дробышева күнжіт майын қолдану арқылы тіс пен ауыз қуысындағы аурулармен қалай күресуге болатынын айтып берді.

Маманның айтуынша, ауызды күнжіт майымен шаю зиянды микрофлораны жойып, токсиндерді бейтараптандыруға көмектеседі.

«Ол үшін бір ас қасық күнжіт майымен ауызды екі-үш минут шаю керек. Содан кейін майды кетіру үшін ауыз қуысын таза сумен тағы да бір шаю қажет», — деп кеңес берді Анна Дробышева.

Маман бұл процедураның арқасында тістердің жағдайы жақсаратынын, тыныс алудың күшейіп, иммунитеттің көтерілетінін атап өтті.

Бұған дейін Пенсильвания университетінің америкалық ғалымдары ауыз қуысын инфекциядан қорғайтын тіс импланттарын жасаған болатын.

Имплантант  қызыл иек пен тісті фотодезинфекциялауға мүмкіндік беретін екі негізгі инновацияны пайдаланады. Олардың бірі – бактериялардың колонизациясына қарсы тұратын нанобөлшектері бар материал. Ал екіншісі – шайнау немесе тіс тазалау кезінде табиғи қозғалыстармен зарядталған фотодезинфекцияға арналған жарық көзі.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.