Кішкентай балаңыз болса, қалай барлығына үлгеруге болады? Әрине, жаңа туған баланың күтіміне бейімделуге уақыт керек. Бұл кезде басты көмекті жақындарыңыз көрсетеді, сондықтан қандай жағдай болмасын одан бас тартпаңыз. Шаруалардың бәріне үлгеру үшін аналарға арналған бірнеше кеңес ұсынамыз.
1. Басты істерді анықтаңыз. Оны қолыңыз босай салысымен орындап тастаңыз. Бастапқыда үйреншікті уақыт өткізуден (мысалы, достарыңмен сөйлесу) бас тарту қиынға соғуы мүмкін. Одан толықтай бас тартпай, тек уақытты шектеңіз. Күндіз барлық аса қажетті істерді бітіріп қойсаңыз, кешкілік өзіңізге уақыт артылады. Интернетте ұзақ отырып қалмаңыз, себебі онда өткізген уақытты қабылдау негізгі сәттен өзгеше болып келеді. Яғни, интернетте отырып, уақыттың қалай зымырап кеткенін байқамай қаласыз.
2. Тамақты жылдам дайындауды үйреніңіз. Тамақ дайындау технологиясына баса мән беріңіз. Мысалы, сорпа дайындауда көкөністер мен етті бөлек пісіріңіз, олардың әрқайсысы дайын болғанда ғана сорпаға қосыңыз. Сол кезде тамақ дайындау азырақ уақыт алады. Сонымен қатар, ісіңізді жеңілдететін еттартқыш, миксер секілді тұрмыстық техникаларды қолданыңыз.
3. Баладан бұрын ояныңыз. Сол кезде таңертеңгі процедураларға уақытыңыз көбірек болады. Мысалы, дұрыс таңғы ас ішуге, физикалық жаттығуларға және күні бойы үлгермейтін басқа да процедуралардың біразын істеп үлгеруге болады.
4. Режим сақтаңыз. Егер бала күнде бір уақытта тамақ ішіп және ұйықтаса, күнді жоспарлау жеңілге түседі.
5. Өзіңізді демалуға шектемеңіз. Күйеуіңізге демалыс күндерді үйдің шаруасын жасаумен өткізбей, отбасыңызбен саябақта қыдырыңыз. Егер үйде баланы қалдырып кететін туыстарыңыз болса, киноға барып та демалыңыз. Сол арқылы отбасыңыздағы қарым-қатынас беки түседі.
6. Өзіңізге уақыт қалдырыңыз. Мысалы, баланы ұйықтатып тастаған соң, бетіңізге маска жасаңыз.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz