Қаратау қаласындағы Желтоқсан көшесіне бір жақты жол қозғалысы енгізілді

0 12

Талас аудандық полиция бөлімінің Жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлерінің берілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының 17.04.2021 жылғы №194-V «Жол қозғалысы туралы» Заңына сай, үнемі кептеліс болатын және қозғалыс кезінде қолайсыздықтар туындайтын Қаратау қаласы, Желтоқсан (Ахмет Байтұрсынұлы мектеп—гимназияның алды) көшесіне қозғалысты жеңілдету үшін оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытында «бір жақты қозғалыс» болып өзгертілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қаратау қаласында көлік құралдарының жылдан жылға артуы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұрыннан бар мәселелерін одан сайын күшейтіп отыр.

Жолдағы жағдайды оңалту, жол-көлік оқиғаларын ескерту, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шаралар қабылданып, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ең алдымен мектептер пен балабақшалар маңайындағы жол қозғалысына өзгерістер енгізілуде. Өйткені бәрінен бұрын балалардың жүріп-тұруы қауіпсіз болуы тиіс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.