Үйіңіз тазалықтан жарқырасын

0 1

Кейде ұсақ-түйек болса да күнделікті өмірде тұрмыстық заттардағы шаң-тозаң немесе күйе қабаты көңіл-күйімізге кері әсер етіп жатады. Оны кетіруге дүкеннен алған химиялық өнімдер көмектеспейтін кезі болады. Мұндай жағдай үй тұрмысында кез келген әйелге кездеседі. Кетіру мүмкін емес деген дақтардың өзіне аздап қулық жасап, жоюға болады.

1. Противень

Ас содасы мен сутек тотығының қоспасы противеньдегі қатып қалған кез келген ластануды жояды. Қоспаны противеньге бірнеше сағатқа қалдырыңыз, нәтижесінде барлық кірді өзіне сіңіріп алғанын байқайсыз.

2. Фарфор тәрелке

Фарфор тәрелкедегі қара жолақтарды (жырықтар емес) тұзды қышқылға салынған мақтамен кетіруге болады. Қарапайым өшіргішті де қолданып көріңіз.

3. Ванна

Мақтадан диаметрі шамамен 1 см болатын шарлар жасаңыз. Оған ағартатын құрылғы жағып, сулап, ваннадағы зеңнің (плесень) үстіне бір түнге қалдырыңыз. Таңертең мақталарды алып, көгергенді тіс щеткасымен тазартып тастаңыз.

4. Газ плитасының темірпеш қақпағы (конфорка)

Газ плитасының темірпеш қақпағындағы дақтарды кетіру оңай емес. Темірпеш қақпақтарды герметикалық пакетке салып, оған мүсәтір спиртін қосу керек. Пакетті тығыздап жауып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең жақсылап жуып алыңыз.

5. Қысқа толқынды пеш

Қысқа толқынды пештің іші жиі ластанады. Оны жылдам тазалауға болады. Ол үшін сірке суын қарапайым сумен араласқан қоспамен жусаңыз болғаны, тазарып шығады.

6. Пештің темір торы

Ас содасы – керемет тазалаушы құрал, алайда оны сірке суымен араластырсаңыз, одан да жақсы нәтиже береді. Егер пештегі тор қатты ластанған болса, оны сірке суына батырып қойып, ас содасымен уқалап шығыңыз. 10 минут өткен соң торды ыстық судың астында жақсылап жуып алыңыз.

7. Резеңке етік

Резеңке етіктің бастапқы күйін қайтаруға сабынды ерітінді көмектеседі. Етікті сабындап жуып болған соң, оны екі рет зәйтүн майымен сүртіңіз.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.