Аяқ күтімі: Пайдалы әдеттер

0 15

Жаз мезгілінде әдемі көйлек пен сәнді туфли киіп жүргіміз келетіні рас. Өкінішке орай, жылы ауа-райында аяқ жиі ауырып, ісіп кетеді. Төмендегі пайдалы әдеттер жаздың ыстық күндері аяғыңыздың әдемілігін және саулығын сақтауға көмектеседі.

Ыңғайлы аяқ киім таңдаңыз

Жылы ауа-райында туфли әдемі ғана емес, сонымен қатар ыңғайлы болуы тиіс. Ең тиімді нұсқа — аяқты қыспайтын және өкшесі 4 сантиметрден аспайтын туфли.

Жағажайда сақ болыңыз

Ультракүлгін сәуленің әсерінен күре тамыр қабырғасының созылғыштығы төмендейді де, аяқ ісіп кетеді. Сондықтан күннің көзіне сағат күндізгі 11-ге дейін және кешкі 17-ден кейін шыққан жөн.

Күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз

Күніне 2 литр су ішу арқылы қан тұтқырлығының жоғарылауына әкелетін құрғауға жол бермейсіз.

Жалаң аяқ серуендеңіз

Егер демалысыңызды су жағасында өткізсеңіз, жағайжаймен жалаң аяқ жүріңіз. Салқын суға аяғыңызды малып жүріңіз. Бақшада шөптің үстімен де жалаң аяқ жүріңіз. Ол аяқтағы ауыртпалықты жеңідетуге көмектеседі. Суда жүзіңіз, оның көктамырға пайдасы көп.

Қозғалыста болыңыз

Ұзақ ұшу немесе жол жүру кезінде әр жарты сағат сайын орныңыздан тұрып, аяқтарыңызды уқалап отыруға тырысыңыз.

Алдын алу

Аяғыңыз жиі ауырып немесе ісіп кететін болса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, арнайы мазьдар мен кремдер қолданыңыз. Аптасына 1-2 рет аяқты демалтатын ванналар қабылдап тұрыңыз.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/39499/

Leave A Reply

Your email address will not be published.