Есте сақтауға зиянын келтіретін 5 әдет

0 0

Өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналған кей әдеттер есте сақтау жұмысына зиянын тигізеді. Ол қандай әдеттер?

Біз бала кезден бастап өлең жаттау, шет тілдерді үйрену және жұмбақтарды (бас қатырғыштар) шешу арқылы зейін қою мен есте сақтауды жаттықтырамыз. Алайда жылдар өте мидың бұл қабілеті нашарлай түседі. Оған тек жас айырмашылығы емес, басқа да жағымсыз факторлар әсер етуі мүмкін.

Ұйқының аздығы
Дәрігерлер толыққанды демалыс — менталды және физикалық денсаулықтың кепілі екенін айтудан шаршамайды. Себебі ұйқы кезінде ми жұмысы қалпына келеді, оның үйрету қабілеті дамиды, негативті естеліктер бейтараптанады және эмоциялық жағдай тұрақтанады. Сондай-ақ, дәрігерлер ұйқыны есте сақтаудың маңызды шарты деп санайды, себебі адам дұрыс ұйықтамаса, есте сақтаудың тізбегі толып кетеді де, мидың қабылдау және ақпаратты сіңіру қабілеті нашарлай түседі.

Ақпараттың молдығы
Әрқайсысымыз бітпейтін ақпараттар ағынында өмір сүріп жатырмыз. Күнде түрлі дереккөздер мен әлеуметтік желілерден көптеген хаттар алып жатамыз. Бара-бара маңызды ақпаратты қажет еместен айыра алмай қаламыз. Контенттің көп болуы — ми үшін ауыр стресс. Ақпараттың шамадан тыс жүктелуі есте сақтау, зейін қою және шешімді жылдам қабылдай алмау проблемаларын тудыруы мүмкін.

Дұрыс тамақтанбау
Фастфудты және құрамында қаныққан майлары, қанты, тұзы көп тамақты көп жеу адамның кей когнитивтік бұзылуы мен қысқа мерзімдік есте сақтаудың нашарлауын шақыратыны дәлелденген. Бұл тамақтану ерекшелігінің гиппокамп (есте сақтауға жауап беретін бас миының бөлігі) қызметіне әсер етуімен түсіндіріледі. Дәрігерлер рационды құруға жауапты қарауға шақырады. Әйтпесе, деменция, қант диабеті және семіздіктің даму қаупі едәуір артады.

Аз қозғалысты өмір салты
Аз қозғалысты өмір салты — есте сақтауға жағымсыз әсер ететін кең тараған фактор. Жеткіліксіз физикалық белсенділік пен адамның үйрену (оқу) қабілетінің төмендеуінің арасында өзара байланыс бар. Бір қалыпта ұзақ отыру миға қан құйылуын азайтады, оның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті оттектің және құнарлы заттардың келуін шектейді. Сондай-ақ, физикалық белсенділіктің болмауы қысқа мерзімді есте сақтауды нашарлатады.

Бір уақытта бірнеше мәселені шешу
Қазіргі кезде көпшілік «барлығын үлгеру керек» режимінде өмір сүреді. Адамдар бір уақытта бірнеше істі орындауға және көптеген сұрақтарды шешуге үйреніп кетті. Алайда мұндай мақсат жиі денсаулыққа зиянын тигізеді. Себебі бірнеше мәселені бір уақытта шешу кезінде бір істен екіншісіне бірден көшіп кетесіз, нәтижесінде шығармашылық және шаблонсыз ойлау қабілеті әлсірейді. Оған қоса, көп тапсырмалардың фонындағы күйзеліс жүрек-қан тамырлар жүйесіне және эмоциялық жағдайға негатив әсер етеді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.