Баланың өмір бойы есінде қалатын ата-анасының 4 әрекеті

0 10

Әр ата-ана баласын бақытты балалық шақпен қамтамасыз еткісі келеді. Бірақ баламызға қаншалықты көп қымбат ойыншықтар алып берсек те, қандай ауқымды мереке ұйымдастырсақ та, оның есінде қалатын бұлар емес. Ендеше, бала есіне ата-анасының қандай әрекеттерін ең бақытты сәттер ретінде сақтап қалады?

Өзіңіздің жеке балалық естеліктеріңізге қараңыз. Ойланып қарасаңыз, сыйлыққа берілген заттар немесе оған жұмсалған қаражат емес, эмоция ерекше есте қалады. Сондықтан балаға жаңа ұялы телефон алып беру немесе аниматорлары бар туған күн ұйымдастыру үшін ата-анасының көп жұмыс істегені, әдетте, баланың есінде қалмайды. Естен не кетпейді?

— Ата-ананың барынша еркін әрі бос болған кездері, яғни әкесінің қалжыңдасқаны, анасының күлгені, билегені, бақытты болғаны;
— Жоспарланбаған сапар және бірге өткізілген уақыт;
— Отбасылық дәстүрлер: анасының ұйықтарда ертегі оқып бергені, әкесімен демалыс сайын велосипед тепкені және т.б;
— Мерекеге ата-анасымен бірге дайындалғаны.

Балаға деген махаббат ақшамен немесе сыйлықтармен өлшенбейтінін түсіну маңызды. Қалжыңдау, өмірге қуана білу және одан ләззат ала білу қабілеті — бақытты балалық шақты құрудың дұрыс жолы.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.