Ерлі-зайыптылар зейнетақы жинағын қосып ала алады

0 3

Ерлі-зайыптының бірінің зейнетақы жинағын шешіп алуға жетпей жатса, бір-бірімен біріктіріп, артық сомасын ала алады. Бұл жайлы аржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Агенеттік төрағасының айтуынша, зейнетақы жинақтарын сақтандыруды дамыту мақсатында жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделуде.

“Бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аниутеті ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аниутетін сатып алады”, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, бұл жеңілдікті өмір бойы қолдануға мүмкіндік бар.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.