Жетіншісі ұл бола ма? Анасының жүкті болғанына алты қызы қатты қуанды

0 99

Өмірге 6 қыз әкелген көпбалалы ананың қуанышы көптің көзіне жас үйірді. Ол күйеуіне тағы да жүкті екенін тосынсый жасау арқылы білдірген.

Көпбалалы анаға жетінші перзенті ұл болсын деп тілеп жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда күйеуіне жақсы жаңалықты заманауи түрде сүйіншілеген ананың видеосы қызу талқыланып жатыр. Әйел жетінші перзентіне жүкті. Ал күйеуі мен 6 қызы тосын хабарды қуанышпен қабылдап, көз жастарына ерік береді. Бейнежазбада болашақ перзенттің ұл бала болуы мүмкін екені жазылған.

«6 қызға төркін болар бір батыр келсін», «Қандай кушті! Аллам ұл бала бұйыртсын», «Салиқалы ұл берсин Аллам. Әумин», «Дүниеге батыр келсін!», — деп тілек білдірді желі қолданушылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.