Оқиға Атырауда орын алған. Балық аулауға келген азамат, қымбат телефонын суға түсіріп алыпты. Құны 800 мың теңгелік смартфонды судан өз бетінше алып шықпақ болғанымен, әрекеті сәтсіз аяқталған. Осыдан соң азамат арнайы сүңгуір шақыртып, көмекке жүгінген. Қуанышқа орай, кәсіби маман су түбіне кеткен телефонды тауып, алып шығыпты. Сүңгуір өз қызметін 160 мың теңгеге бағалаған.