Арубаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте 3 мәселе қаралды

0 39

Бүгін Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен алғашқы аппараттық кеңесте күн тәртібіндегі аудандағы эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстары және наурыз айында өтетін мерекелік іс-шаралар кеңінен талқыланды  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Тиісті сала басшыларының баяндамасын мұқият тыңдаған Сәкен Қаланұлы коронавирус індетін алдын алу жұмыстарына екпін беру қажеттігін алға тартты.

– Отбасымызда жақын жандар бар. Олардың денсаулығына барлығымыз жауаптымыз. Тұрғындарға дерттің талаптарын түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстарды күшейтумен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін кеңінен насихаттауды ауылдық округ әкімдері жеке бақылауына алу керек.

Әлемге жайлаған індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы — екпе. Вакцина ектірудің тиімділігі де назардан тыс қалмауы қажет.

Әз-Наурыз айындағы мерекелік іс-шара кезінде сақтық шараларын назарда ұстауды қадағалаңдар.
Мерекелік шараларда көрсетілетін көмектер негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталуы қажет, — деді Сәкен Қаланұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.