Актер Жан Байжанбаев тікелей эфирде журналисті ұрып жіберді

0 122

Қазақстандық тележүргізуші, актер Жан Байжанбаев таңғы бағдарламаның тікелей эфирінде журналистке соққы жұмсады. Актердің ұрған сәті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Zhambylnews.kz AA. 

«Таңғы STUDIO» бағдарламасы барысында тілші актердің үстінен қалжыңдады. Ал Байжанбаев оны ұрып жіберді.

Тілші “Оскар” сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтты.  Актер салтанатты шарада “Оскар” жүргізушісін ұрып жіберген еді. Қазақстандық журналист Байжанбаевтың әлі “Оскар” алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтқан. Бұған ашуланған Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жіберді.

 

Даулы сәт хайп үшін қолдан жасалды ма әлде шынайы ма, ол жағы белгісіз. Бастысы, журналистке қатты зақым келмеген. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.