Қазақстандық танымал актриса Данагүл Темірсұлтанова алғаш рет жиенді болды, деп жазады Zhambylnews.kz AA.
Сүйінші хабарды актрисаның блогер қызы Айым Сейтметова өз Instagram парақшасы арқылы жеткізді.
«30.03.2022. Бұл күні мен алғаш рет ана атандым. Қызым, бұл әлемге қош келдің. Сондай тәттісің», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін білдіріп жатыр.
«Бауы берік болсын. Еліне сыйлы азаматша болсын», «Қандай керемет жаңалық», «Сіздің босанғаныңызды біз де асыға күттік. Қызыңыздың дені сау, жолы ашық болсын», «Анасындай сұлу қыз болып өссін», «Балапаныңызды құшағыңызға алуыңызбен. Сізді тек жетістіктерімен қуанта беріңіз», «Қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер», — деп жазуда желідегілер.