Келіндерді құл етіп жұмсамауға шақырған келіншектің сөзі қызу талқыға түсті

0 150

Әлеуметтік желіде енелерге қарата қатты айтқан келіншектің сөзі қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Ол келіндерге тиісуді доғарып, құл етіп жұмсауды тоқтатуға шақырады.

Жазба авторының айтуынша, келін қалай өмір сүретінін күйеуі екеуі өздері шешуі тиіс. Ол келіннің айлығын, жәрдемақысын және де қандай да бір ақшалай табысын алып қоятын енелерге шүйліккен. Оның айтуынша, келіндер тапқан қаражатын өз қажетінше жұмсағысы келеді. Сондай-ақ келіншек 21-ші ғасырда адамға құл ретінде қарауға болмайтынын жеткізген.

Пікірлерге қарағанда, бұл жазбаны көпшілік қолдай қойған жоқ. Көп адам келіндердің мұндай әрекетке баруын ұят деп есептейді. Алайда, авторды қолдайтындар да табылыпты. Олардың пайымдауынша, әйелдің жағдайын бірінші кезекте күйеуі жасауы тиіс. Ал енелердің жастардың арасына түсуі дұрыс емес.

https://www.instagram.com/reel/Cbwiontq4Fk/?utm_source=ig_web_copy_link

Leave A Reply

Your email address will not be published.