Кардиолог жүрек ауруына әкелетін төрт әдетті атады

0 5

Дәрігер-терапевт, эндокринолог, кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты Алексей Жито «Бесінші арна» эфирінде миокард инфарктын тудыруы мүмкін зиянды төрт әдет туралы айтты.

Темекі шегу – жүрек соғысының бұзылуын тудыратын негізгі себептерінің бірі. Никотиннің және басқа заттардың әсерінен қан тамырлары зақымдалып, атеросклеротикалық бляшкалар пайда болады.

Миокард инфарктісіне әкелетін екінші әдет – алкогольді шамадан тыс тұтыну.

«Алкоголь жүрек аймағындағы кеңеюді, сондай-ақ осы мүшедегі басқа да морфологиялық өзгерістерді тудырады, бұл миокард инфарктісінің дамуына да әкелуі мүмкін», — дейді кардиолог.

Үшінші әдет – дұрыс емес диета жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупіне де әсер етеді.

Жито көп мөлшерде майлы және қуырылған тағамдарды жемеуге, есесіне, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынуға кеңес береді.

Сонымен қатар, гиподинамия, қозғалыссыз өмір салты миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін. Физикалық белсенділіктің болмауы жүрек-тамыр жүйесінің әлсіздігіне әкеледі.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар кофенің пайдалы қасиетін айтқан болатын.

Қантсыз және сүтсіз кофе Паркинсон ауруының (баяу дамитын неврологиялық ауру) және атеросклероздың (қан тамырда холестериннің жиналуы) алдын алуға көмектеседі.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.