Ақтауда кәріз құдығынан шала туған нәресте табылды

0 29

Ақтауда құдықтан айы-күні жетпей туған жансыз шақалақтың денесі табылды.

«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 ай толып, өмірге келмеген шарананың табылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.