«Қолды қытырлатқан дұрыс емес, сүйекке зиян ол» деп жатамыз. Сарысу көбейіп кетеді дегенді де естідік. Қолды қытырлатпасақ та, тізе, аяқ пен шындық ыңғайсыз қозғалып қалсақ, қытырлап шыға келеді. Бұл да зиян ба сонда? Осыны анықтап көрейік.
Тізе мен қолдың қытырлауын ғылымда крепитация деп атайды. Сүйек пен сүйек, буын мен буын қажалып кетпес үшін ортасында арнайы сұйықтық болады. Ал ол сұйықтықтық құрамында оттегі, азот пен көміртегі диоксиді сынды газдар болады. Адам мәселен отырған кезде тізе бүгіледі де, арада «майлап тұрған» сұйықтыққа қысым түседі. Сол кезде сұйықтықтан жоғарыда аталған газдар бөлініп шығады да, қытырлау содан пайда болады.
Адамның бұл қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сондықтан бала да аяқ-қолын оңай қытырлатады.
Бұл табиғи заңдылық болғандықтан, қорықпай-ақ қойыңыз.
Ал егер тізе не қол қытырлаған кезде, ауырсыну болса, онда жақсы емес. Көбіне қарт адамдар жапа шегеді. 65 жастан асқан қариялардың 50 пайызы остеоартрозға шалдыққан екен.
Шындап келгенде, ешқандай қолды қытырлату мен денені сарысу басудың арасында еш байланыс жоқ, қолды сытырлату ауруға алып келмейді. Мұндай мифтің бетін сейілту үшін медицинада түрлі зерттеулер жасалған. Олардың бір де бірі қолды қытырлату ауруға алып келеді деген қорытынды шығармаған. Тіпті, профессор Дональд Унгер өзіне «тәжірибе жасап», 50 жыл бойы қолын «қытырлатып» жүрген. 50 жыл өткеннен кейін тексеру жүргізгенде, денсаулығында еш ақау болмағаны, артритке шалдықпағаны белгілі болды. Сол үшін оған 2009 жылы Шнобель сыйлығы табысталды.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz