Шайға қант қосып ішкен дұрыс па?

0 60

Адам ағзасына тәтті сусынның аса бір қажеті жоқ. Ал тәтті сусынды көп ішкен адам диабет пен гипергликемияға (қанда глюкозаның шектен тыс көбейіп кетуі) шалдықтыруы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, тәтті сусынды ішудің тек бір жерде ғана пайдасы бар. Егер адамның қанында қант деңгейі түсіп кетіп, жағдайы нашарласа, сонда ғана қант қосылған сусындарды ішкені жөн. Ал қалған жағдайда қажеті жоқ.

Осы тұжырымға салсақ, онда тәтті шайды ішудің де адамға аса бір қажеттігі жоқ. Күнде тәтті шай ішкен адамның қанындағы қант деңгейі 50 грамға дейін өсіп, мұның соңы диабетке әкелуі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сусынға қант қосып ішудің зиян екенін айтады. Қант ағзаға түскесін бірден қанға өтіп, глюкозаның деңгейін көтеріп жібереді. Содан инсулин гормоны көп бөлініп, қажеті жоқ калория бөлінеді, артық салмаққа әкеледі.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.