Мәһірге не сұрауға болады

0 259

Мәһір дегеніміз – неке қидырған ер адамның қалыңдығына жасайтын сыйлығы.
Шариғатымызда ерлі-зайыптылардың бір-бірінде ақысы бар. Олар әйелдің ері, ерінің әйелі алдындағы және екеуіне ортақ ақылар болып бөлінеді. Мәһір ер адамның мойнына жүктелетін сондай ақылардың бірі.

Сондай-ақ, мәһір –әйелдің жалғыз, қорғансыз қалған жағдайда (жесір қалса немесе ажырасып кетсе) материалдық, мұқтаждық көрмеуіне жасалатын қамқорлық.

Мәһірдің ең жоғарғы өлшеміне ешқандай шектеу қойылмаған. Ал ең аз мөлшері – Ханафи мәзһабы бойынша он дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Ал бір динардың салмағы 4,25 граммды құраған.

Соңғы кездері бойжеткендер мәһірге көлік, пәтер, жеке бизнес сұрап жатады. Мәһір сұраған кезде ер азаматтың материалдық деңгейін, отбасының әлеуметтік жағдайын ескерген жөн.
Өйткені мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Жігіт мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.