Тамақты ыстықтай ішкенді жақсы көресіз бе? Дәрігер қандай қаупі барын айтты

0 4

Онколог Владимир Ивашков тамақты ыстықтай ішетіндерде асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Нақты критерийлер бар. Асқазан қатерлі ісігі ащы және ыстық тағамдарды тұтынудан пайда болады. Кейбір зерттеулерде шикі тамақ та асқазан қатерлі ісігі дамуына себеп екені айтылады», — деген Ивашковтың сөзін lenta.ru басылымы келтірді.

Сарапшының айтуынша, бұл аурудың алдын алу үшін темекі шегуден және ішімдік ішуден бас тарту қажет. Дәрігердің сөзінше, бұл әдеттер ауруды өршітеді.

Еске салайық, бұған дейін қатерлі ісікпен күресуге көмектесетін өнімдер аталды. Фитохимиялық заттарға, талшықтарға, D дәрумені мен лактобактерияларға бай тағамдар қуық асты безі қатерлі ісігінің дамуын тежеуі мүмкін. Бұл туралы Лондон императорлық колледжі ғалымдарының зерттеуінде айтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.