Неге ұшақ борты үнемі салқын болып тұрады?

0 23

Неге ұшақ борты үнемі салқын болып тұрады? Бортсеріктер салондағы температура әдеттегі бөлме температурасынан неге төмен болатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

«Ұшақ әуежайда тұрғанда сыртқы салқындату жүйесімен салқындатады. Бірақ әуеге көтерілген соң бәрі қозғалтқыштан қуат алатын ішкі жүйеге байланысты болады», – деп түсіндірді ол.

Температураны басқару бір адамның қолындағы іс емес. Негізгі бақылау ұшқыштардың құзырында, дегенмен бортсеріктер арнайы панель арқылы салон ішіндегі температураны сәл өзгерте алады. Бірақ қатты өзгерту үшін олар ұшқыштар кабинасымен байланысуы керек.

Ассоциация өкілі Тейлор Гарлендтің айтуынша, ұшақ салоны температура бойынша бірнеше аймаққа бөлінеді.

Ал тәжірибелі бортсерік Джей Роберттің сөзінше, салон салқын болуының кем дегенде үш орынды себебі бар:

  • Біріншіден, бұл — қауіпсіздік мәселесі. Роберт 600-ден аса жолаушысы бар рейстердің бірінде салон температурасы 23°C-тан аспауын бақылағанын айтты.

«Егер ұшақ ішінде температура 24°C-тан жоғары көтерілсе, адамның есінен тану қаупі артады», – деді ол.

  • Екіншіден, салқын ауа әуедегі қысыммен күресуге көмектеседі.
  • Үшіншіден, салқын салонда иіс аз болады. Джей Роберттің айтуынша, салонда температура неғұрлым жоғары болса, «жағымсыз» иіс пайда болу қаупі де соғұрлым артады.

Еске салайық, бұған дейін ұшаққа отырғанда неге иллюминатор пердесін жаппау сұралатыны айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.