Амманда (Иордания) U15 және U17 жас санатында ұлдар және қыздар арасында Азия чемпионаты аяқталды. World Boxing ұйымдастыруымен алғашқы Азия біріншілігіне 18 елден 400 спортшы қатысты. Ел құрамасы сапында Жамбыл облысынан 6 спортшы бақ сынады.
Ерлер арасында U15 жас санатында 46 келіде Жұман Жігер және 64 келіде Шәді Мейіржан , U17 жас санатында 80 келіде Мұхамедали Рүстембек, қыздар арасында U17 жас санатында Әбдікерім Айдана , Тұрсынбек Дильяра (66 кг),+80 салмақ дәрежесінде Қоңырат Эльнура қатысқан болатын.
Ел намысын қорғаған U15 ерлер арасында
Шәді Мейіржан (64 кг), U17 ерлер арасында Мұхамедали Рүстембек қола медальға ие болды.
Ал, U17 қыздар арасында Әбдікерім Айдана (60 кг),
Қоңырат Эльнура (+80 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.