Аймақта «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Smart city» жобасы аясында Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін цифрландыру және су бұру өндірістік процестерін автоматтандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Іске асатын жобаның құны 3,361 млрд. теңгені құрады.).
Жоба аясында 59 ұңғымаға электронды есептегіш құрылғылары және көпқабатты тұрғын үйлерге 1 264 жалпыүйлік ортақ есептегіш аспаптары орнатылатын болады.
Аталған жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асыру жоспарлануда. Айта кету керек, бүгінгі таңда ауыз сумен жабдықтау
қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен 98,0%. Ауыз сумен қамтамасыз етілмеген Тараз, Шу қалаларында 9 тұрғын алқап және 24 ауылдық елді мекен қалып отыр, оның 20-да құрылыс жұмыстары және 4-де кешенді блок-модульін орнату жоспарланған.