Тәттіге деген құмарлықтың себептері айтылды

0 2

Дәрігер-гастроэнтеролог Екатерина Кашухтың айтуынша, тәттіге құмар болу — организмдегі эволюциялық процестермен байланысты табиғи құбылыс, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, тәттілердің құрамындағы қарапайым көмірсулар ағзада тез арада глюкозаға дейін ыдырайды, ал бұл қан құрамында қанттың деңгейін күрт көтереді.

«Ми мұны қуатты және тез қолжетімді энергия көзі ретінде қабылдайды, бұл эволюциялық тұрғыда тірі қалу үшін өте маңызды. Соның нәтижесінде «сыйақы жүйесі» іске қосылып, дофамин деген нейромедиатор бөлінеді, ол ләззат пен қанағаттану сезімін тудырады», – дейді Кашух.

Дәрігердің айтуынша, глюкоза деңгейі көтерілгеннен кейін көп ұзамай ол тез төмендейді, бұл әлсіздік, ашушаңдық және тәбет сезімін тудыруы мүмкін. Егер толыққанды тамақты тым жиі тәттілермен алмастыра берсе, уақыт өте көмірсуларға шамадан тыс тәуелділік қалыптасып, рационның тепе-теңдігі бұзылып, басқа маңызды қоректік заттардың тапшылығы пайда болуы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.