«Махаббат бар жерде…». Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет татуласқан ба? 

0 16

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет жұбы өткен жылы елдің назарын өздеріне қаратқан еді. Осы жылы да соның қамына кіріскен секілді.

Жұбымыз екі жаққа айырылды деп айтқанымен, екеуін мейрамханада, шетелде демалып жүрген жерінен немесе екеуі бірдей той басқарып тұрған сәттерінен ұстап алған едік. Әйтсе де, ортақ ұлдары болғанымен, жұп бөлек тұрады. Жақында бірнеше ай тыныштықтан соң, Дәурен Айдарқұлов өзінің желідегі парақшасына Ақботаның дебютті «Қайда, қайда?» әнінің жарыққа шыққандығы туралы айтты.

Ақботаның өнеріне қарсы болып, үйде бала тәрбиесімен ғана айналысуға рұқсат берген Дәуреннің бұл қылығына желідегілер таңданыса шулап жатты.

«Бұл не мағына береді? Олар қосылды ма?» ,»Жарайсыңдар, бір-бірлеріңді бағалаңдар!», «Сіздер қосылдыңыздар ма?», «Не жасырып жүр?», деп Дәуреннің оқырмандары жүктелген бейне астына пікірлерін жаудыруда.

Естеріңізге сала кетейік, «Гламур для дур» фильмінің түсірілімінен соң Баян Мақсатқызының экс-шәкірті мен КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов көңіл жарастырған болатын.

Кейінірек, Дәурен бұрыңғы отбасымен ажырасып, Ақботаның оған Ибраһим атты ұл туып бергендігін мәлімдеген еді.

Алайда, 2017 жылдың 14-қыркүйегінде Ақбота желіде екеуінің ажырасқандығын хабарлады. Десе де, екеуі де сұқбат барысында бір-біріне деген көңілдерінің әлі де суымағандығын айтқан болатын.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.