Мұнайдың әлемдік бағасы едәуір көтерілді

0 15

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,04 долларға дейін көтеріліп, бір баррель мұнайдың бағасы 68,82 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 1,23 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 62,96 долларды құрады.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.