«Өзгеше болады…». Қайрат Түнтеков Алматыда үлкен концерт бермек

0 0

“Im A Singer Kazakhstan”жобасының жеңімпазы, отандық әнші Қайрат Түнтеков Алматыда өзінің жеке концертін бермек ниетте.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Біраз жыл бойы көрермен назарынан жоғалған әнші енді өз концертін тек жанды дауыста өткізуге бел буған екен. Концерт «Алматы Арена» спорт кешенінде, наурыз айында жоспарланған екен. Жеке концертінен соң, халықаралық сайысқа бармақ ойы да бар екен.

“Концерт жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін. Жанды дауыста ән айтып қана қоймай, дыбыс пен жарықтың ерекше болғанын қалап тұрмын”, – дейді Түнтеков.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.