Таразда өлең жолдары жазылған автобустар пайда болды

0 22

«Жол мұраты – жету» екені баршамызға белгілі. Мұндайда жолдағы өзде де көліктерге кедергі келтірмей, жол жүру ережесін сақтау аса маңызды. Десе де, арамызда қисыны келсе, көлденең кесіп өтіп, алға шығып алғысы келетін «пысықайлар» бары рас. Өкінішке орай, мұндай әрекеттер жол апаттарына әкеліп жатады.
Аталған жағдайларды болдырмауды ниет еткен тараздық жүргізушілер ереже бұзушылармен «күрестің» өзіндік жолын тапқан секілді. Мысалға, қалаіші қатынайтын №38 қоғамдық көлік жүргізушісі тас жолда тәртіп сақтау қайғылы оқиғаның алдын алатынын қарапайым ғана бір шумақ қара өлеңмен жеткізген екен.
«Айналайын, асықпа,
Тұлпарға жол қашық па?!
Аман-есен жетейік
Үйде отырған ғашыққа» – деп өрілген өлең жолдары жүргізушілердің есіне әркімнің үйде күтіп отырған жақын жандары барын еске салып тұратыны анық. Осылайша, апатты жағдай туындатпай, ережеге бағынуды ойға салып отырған азамат «асықпағанның арбамен қоян алатынын» меңзеп тұрғандай.
P. S. Әрине,көлікке жазылған шумақ өлеңде қателіктер баршылық. Десе де, жүргізушінің баршаға ой салуға ұмтылғанының өзі құрметке лайық екені айқын. Ал, қателері жөнделе жатар…

Leave A Reply

Your email address will not be published.