«Ойбай, мама…». Жапониядан оралған Қайратқа анасы тосын сый жасады (видео)

0 15

Отбасын тастап Жапонияға жалғыз тартқан Қайрат Нұртас онда демалуға емес, жұмыс бабымен барыпты. Тіпті бүгін үйіне оралып та үлгерген.

 

«Қайрат Yokohama Rubber Company-дің шақыртуымен Жапонияға іссапарға аттанды. Ол жақта компанияның презентациясына қатысады, Токио қаласымен танысады» деген әншінің арт-директоры Мира Келімбетова мен анасы Гүлзира Айдарбекова Қайратқа тосын сый жасады.

Бұл туралы Гүлзира Айдарбекованың Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген мына видеосында мәлім болды.

«Баламыз аман-есен елге жетіп, қуанып жатырмыз. Қатты күліп қойдыңыз демеңіздер, осылай көңіл көтеріп тұрамыз қуанғанда. Аман келгеніне қуаныштан жүрегім жарылуға шақ… Мираның идеясы ғой «жапондық киіммен алдынан қарсы аламыз» деген.

Жапон киімін көрсетейін деп алға тартып жатқаным жұлқылағандай болып қалыпты. Видеомызды көріп, өзіміз жатып күлдік. Мира 23 жасынан жанымда, тура өз қызымдай болып кеткен. Видеоны отбасымызға жіберуге түсіргенбіз, Мираны тартқылағаным қызық түскен соң, сіздерді бір күліп алсын деп жолдап отырмыз. Күліп жүрейік», — деп жазды.

Дереккөз:«Ойбай, мама…». Жапониядан оралған Қайратқа анасы тосын сый жасады (видео)

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.