«Екеуі жүре ме?». Ерке Есмахан мен актер Әлидің арасында не бар (фото)

0 15

Танымал әнші Ерке Есмахан өнерімен ғана емес, сұлулығымен де көпшіліктің жүрегін баурап, талай жігітті өзіне ғашық еткен.

Бұған дейін оның Төреғали Төреәлі, Тәуекел Мүсіліммен махаббат құрғаны жөнінде алып-қашпа әңгімелер тараған еді. Ендігі жұрт Ерке мен актер Әли Байжұмат “жүріп жүр” деп топшылауда, деп хабарлайды Stan.kz.

Соңғы күндері Ерке Есмахан мен Әли Байжұмат жиі бірге көрініп жүр. Олардың бірге серуендеп жүргені, тіпті жуырда Тараз қаласында өткен Айнұр Тұрсынбаеваның анасының 60 жас мерейтойына бірге барғаны жұлдыздардың әлеуметтік желілерінен белгілі болды.

Тіпті Ерке мен Әлидің өзі де әлеуметтік желідегі жазбаларында бір-біріне махаббатты білдіретін белгілер қалдырған.

Әли Баймұратов Instagram желісіндегі парақшасында Еркемен түскен суретін жариялады.

“Алматы, мен сені жақсы көремін”, – деп жазды актер суреттің астына.

Мұнан кейін Әли Байжұматтың досатыр мен әріптестері де Ерке екеуінің арасындағы қарым-қатынасқа қызығушылық білдіріп жатты.

Өз кезегінде желі қолданушылары Ерке мен Әли көңіл жарастырған деп топшылады. “Еркені жақсы көретін сияқтысыз”, “Екеуіңіз бір-біріңізді жақсы көресіздер ме? Бірге түскен суреттеріңізді жиі жариялайсыздар”, “Екеуіңіз жақсы жарасасыздар”, – деп жазды желі қолданушылары. Сондай-ақ, көпшілік екеуіне бақыт тілеп жатты.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.