2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақылар үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел ақпарат бойынша, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 24,4 млрд теңге бөлінген.
2017 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 25 682 теңге болған еді. Мұндай жәрдемақыны 77,3 мың адам алған.
2018 жылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға 29 699 теңге немесе 2017 жылғы көрсеткіштен 15,6%-ға артық мөлшерде берілетін жәрдемақылар үшін республикалық бюджеттен 29,9 млрд теңге қарастырылған.
Дереккөз: baribar.kz