Сәбит Әбдіқалықов Айгүл Иманбаевамен қайта қосылған ба? (фото)

0 2

Алтынай Жорабаевамен ара-қатынасы үзілгеннен соң, желідегілер Сәбитті Айгүлмен қайта қосылды деп топшылаған. Иманбаеваның бұл сұрақтарға жауабы дайын екен. Көрейік.

Әдетте жұлдыздар желідегілердің сұрақтарына  жеке жауап бермейді. Алайда, Сәбит жайлы қойылған толассыз сұрақтар Айгүлдің шамына тиген болуы керек, уақыт бөліп әрқайсысына жауап берген екен.Әншінің соңғы жариялаған жазбасында мұндай сұрақтар легі таусылар емес.

 

“Сәбит сіздің теңіңіз емес”, – деп жазған оқырманға Айгүл: “Сәбит – баламның әкесі. Маған емес, балама керек”, – деп жауап берді.

Кейде сұраққа сұрақпен жауап беріп жатты актриса.

“Сәбитке қайта қосылғаныңыз рас па? Бірақ сіз шыныңызды айтпайсыз ғой”, – деп жазған болатын инста-оқырмандардың бірі.

“Мен бір сондай тексіз адамға ұқсаймын ба? Қайта тиетін?” – деп ашуланды Иманбаева.

Сөз соңында Алтынаймен ара-қатынасы жайлы айта кетті.

“Алтынаймен әріптеспіз.

Кезінде жақын аралассақ, олар бірге тұрды ол кезде. Сосын балалар үшін сыйластық. Қазір аралассақ, тек концерттерде ғана. Негізі біз әріптеспіз, мен оны баяғыдан айтатынмын”, – деп жауап қатты Иманбаева.

Дереккөз: 365.kz
Leave A Reply

Your email address will not be published.