Ауызсу құйылатын пластикалық шөлмектердің зияны айтылды

0 28

Су құмыралары мен ас сақтауға арналған ыдыстарды жасауға қолданылатын пластмасса құрамына кіретін А бисфенол қалдықтарын жасөспірімдердің ағзасынан тапқан Эксетерск университетінің ғалымдары дабыл қақты, — деп хабарлайды The Telegraph.

Бисфенолдың әйелдердің жыныстық гормоны эстрогенмен ұқсастығы бірқатар онкологиялық ауру мен бедеулікке алып келуі мүмкін екен.

94 жасөспірімнің зәрін сараптаған зерттеушілер 86 пайыз қатысушының ағзасында А бисфенол бары анықталған. Зерттеуге қатысушылар қандай тағамдар жейтінін де жазып көрсеткен. Пластикалық пакеттердің химиялық қосындылары сілті түрінде тамаққа сіңіп кететіндіктен жасөспірімдерге пластикалық ыдысқа салынбаған тағамдарды пайдалану ұсынылды. Дегенмен балалардың ағзасындағы бисфенолдың төмендеуіне бұл әсер етпеген. Бұл азық-түлік өнімдерін өндіру кезінде-ақ пластикалық ыдыстар қолданылатындықтан бисфенол әсеріне ұшырайтын болып шықты. Оның үстіне ауызсу құйылатын пластикалық шөлмектер өте қауіпті болып шықты.

Сонымен бірге, British Plastics Federation ұйымы ғалымдардың зерттеу қорытындысын сынға алды. Ұйым өкілдерінің пайымынша, пластикалық ыдыс құрамындағы А бисфенолының қаупі тым асып көрсетілген. Ал көптеген өзге зерттеулер тағамдарды пластикалық ыдыста сақтаудың қаупі жоғын көрсеткен.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.