Биікке шыққысы келген адам баспалдақты өзі жасайды

0 10

Шығыс тәмсілдері солардың ішінде жапон халқының қанатты сөздері, философиясы адамға ой салады. Ондағы айтылған тәрбие, ақыл, тұщымды ойлардың мәні ой саларлық маңыздылыққа ие.

1. Ақымақтар мен жындыларға жол бер.

2. Егер әйел заты қаласа, қамыс арасынан да өте алады.

3. Кеткенді ұстама, келгенді итерме.

4. Жылдам – бұл ақырын, тек дамылсыз.

5. Досқа қас болғанша, жақсы адамның жауы болған артық.

6. Ұлы адамдар да қателеседі.

7. Биікке шыққысы келген адам баспалдақты өзі жасайды.

8. Ер мен әйел бір-біріне қол мен көз секілді болуы керек: егер қол ауырса, көз жылайды, ал көз жыласа, қол жасын сүртеді.

9. Күн кімдікі дұрыс екенін, кімдікі бұрыс екенін білмейді. Ешқандай мақсатсыз біреуді жылытады. Күннен үлгі алған жөн.

10. Алыс жол да жақын жолдардан басталады. *** *** ***

11. Тіпті қанжардың өзі өмірде бір-ақ рет керек болса да, оны үнемі алып жүру керек.

12. Әдемі гүлдердің бәрі берік тамыр жасай алмайды.

13. Мұң – жыртылған көйлек секілді. Оны үйге тастап кету керек.

14. Махаббат бар жерде беттегі жараның өзі кішкентай мең секілді көрінеді.

15. Бір ауыз жылы сөз үш айлық қыс мезгілін жылытып жіберуі мүмкін.

16. Қолыңнан келгенді жаса да, қалғанын тағдырға қалдыр.

17. Аса адалдықтың түбі ақымақтыққа ұрынады.

18. Жеңіс – қарсыласынан жарты сағатқа шыдай алған адамның қолында.

19. Кейде жапырақтың бататын, тастың қалқитын кездері болады.

20. Күлімдеп тұрған жүзге оқ атылмайды.

massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.