Халқына «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнап, көпшіліктен кешірім сұраған «Ұлы Дала баласы» — Төреғали Төреәлі ұлы сапарға аттанды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің қажылыққа аттанғаны актер Әсет Есжанның жазбасынан белгілі болды.
«Қажекелерді сапарға шығарып салу сәтінен. Қабыл болсын бауырлар!», – деп жазды актер Әсет Есжан Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, актер қажылыққа аттанған өнер иелерінің суретін жариялады. Ұлы сапарға аттанғандардың қатарында актер Мерей Маханов бар.
Бес парыздың бірін өтеуге ниеттенген Төреғалиді өнердегі әріптестері қажылық сапарға шығарып салды.
Дереккөз: 365.kz