Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды

0 6

Қызылордада атыстан зардап шеккен жігіт көз жұмды, — деп хабарлайды Zhambylnews AA облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалуы. 4 дəрежелі геморрагиялық шок» деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін. 27 наурызда Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болған. Нәтижесінде 1 адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.

https://www.youtube.com/watch?v=1_ObkHr6Lhs

Leave A Reply

Your email address will not be published.