Айнұр Тұрсынбаева «Қайрат мені 3-0 есебімен біржола нокаут қылды ғой»

0 11

Жалпы псиxологияның маған тигізген пайдасы ұшан теңіз. Жастау кезімізде бетің бар, жүзің бар демей айтып тастауды жөн санайтынмын. Адамды ренжіте салу түк емес еді… Бұл жайында Айнұр Тұрсынбаева өзінің INSTAGRAM парақшасында жазды.

«Осыдан 10 шақты жыл бұрын Алматыға бір конкурсқа қазылық етуге шақырды… Барсам қаптаған әнші.. Бір құрбымды көріп қалып ем, «Қайрат Нұртаспен жарысқа түсем» деді, «дайынсың ба?» деген ем, «жоқ, оны әлі көрген де жоқпын» деді. Әдеттегідей көтеріліп кеттім, «неге ол саған жолықпайды, неге сәлем бермейді, ол кім соншама» деп бұрқылдап ала жөнелдім.. «Оның күн сайын концерт беретіні, бүкіл Қазақстанды аралап жүргені менің миыма кіріп шыққан жоқ. Сонымен жарыс басталды, мен бірден Қайратты бас салдым..» Қайрат Нұртас деген кім» деп бастадым әңгімені.. «Продюсері қайда қарап жүр» деп бір тиістім. Сонымен не керек айқай шықты.. Мамасы сұқбат берді тв-ға, маған ренжігенін айтып жатыр…Мен жауап беріп қоймаймын. Баяғы сол менікі дұрыс деген бетпақтық. Бір күні бір тойда құрметті қонақтардың арасында «гүл» болып отырған едім, қасымдағылар тура сол оқиғаны айтып, «не болды, татуластыңыздар ма?!» деп сұрап жатыр..»Е, жоға» деп мен қатайып отырғанмын, бір кезде тойдың төріне Қайрат кіріп келді.. Кіріп келді де маған қарай жүгіріп келіп,»қалайсыз әпке» деп бетімнен сүйіп амандассын.. Ашық жарқын, мәз мейрам.. Ұялғанымнан жердің тесігін іздеп кеттім.. 1-0 болып оңбай жеңілгенімді сонда сезіндім… 👊🏼Тағы бірде Мұқтар Ниязовты көріп қалып әңгімелесіп отырсам «Осы сіз Қайратпен жақсы араласып тұрасыз ба?!.» деп сұрады..»Мүлде араласпаймын» десем,»қайдам сізді керемет мақтап, мықты ақын, қатты құрметтеймін» деп мадақтап отырғанын естіп қалдым дейді..2-0 👊🏼 Былтыр Астанада Қайраттың үлкен концерті өтті. Қайрат өз қолымен VIP билетті әкеліп,»сіз келсеңіз қатты қуанып қаламын әпке» деген кезде 3-0 болып біржола нокаут алдым ғой. Қазір ойлап қарасам титтей бала кезінен менен де ақылды екенін көрсетіп келеді екен. Ата-анасымен жақын араласа келе тәрбиенің түбі әкенің қанынан, шешенің сүтінен екенін білдім. Отбасымен қойған концертке барып тағы сүйсініп қайттым. Қайратқа қарсы шығу xалыққа қарсы шыққанмен бірдей екенін білдім. Тіл көзден аман болсыншы!🙏🏽Сіз бақытты анасыз Гүлеке! Сіз бақытты әкесіз Нұреке!».

Leave A Reply

Your email address will not be published.