Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің операциядан шыққаны туралы ақпарат тарады

0 1

Instagram желісінде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің операциядан шыққаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Baq.kz.

Алайда Димашқа қандай операция жасалғаны белгісіз.

Аталған әлеуметтік желідегі Димаш фан-клубының ресми парақшасы музыкалық продюсер Yizhe Tan «Вейбоға» жазған сөзін келтіреді.

«Операциядан кейін қалпына келген Димаш Қытайға келуге дайын. Сенің «Сингердегі» керемет өнеріңді тікелей эфирден асыға күтудеміз. Жаңа ән! Жаңа адаптация! Сенің Шеньжендегі концертіңді асыға күтудемін! Ол – ең инвестициясы мол концерттердің бірі, 10 мыңнан астам көрерменді жинайтын концерт!» – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.