Елімізде ойын-сауық орталығында өрт болды

0 0

Алматыда кеше Domillion сауда ойын-сауық орталығында өрт болды.

Ол жерден 60 адам эвакуацияланды.

Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Алматы қаласындағы Domillion сауда ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар  кеше сағат 14-34-тер кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 8 минуттан соң сағат 14-42-де жетті.

Сол ғимараттағы кабельдердің бірінде тұйықталудан өрт шығып, 0,2 шаршы метр аумақ жанған»,-деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оқыс оқиғада өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Айта кету керек, эвакуацияланғандардың 10-ы -балалар.

Дереккөз: КТК

Leave A Reply

Your email address will not be published.