Ең жас қазақстандық сазгер Денис Тенге арнап композиция жазды (ВИДЕО)

0 0

Ең жас қазақстандық композитор Денист Тенге арнап «Аққан жұлдыз» композициясын жазды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

12 жастағы жас талант Нұрәлі Бейсеқожаев қазір Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепте 7-сыныпқа көшті. Сазгер бала скрипка класында оқып жатыр.

Нұрәлінің ағасы Нұрлан Бейсеқожаевтың айтуынша, ол 4 жасынан бастап фортепианода ойнай бастаған.

«Нота ештеңе білмесе де, көрген мультфильмдерінің әуендерін салып өзі ойнай беретін. Кейін 6 жасынан бастап музыка жаза бастады. 6 жасында Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектепке скрипка класы бойынша оқуға түсті. Қазір 20 астам шығармасы бар», — деді ағасы Нұрлан Бейсеқожаев.

Ол бірқатар республикалық байқаулардың, Астана өткен MusicStar байқауының лауреаты.

Нұрәлі Денистің өлімі өзін қатты толқытқанын жеткізді.

«Денис Тен Қазақстанның атын әлемге шығарған тұлға. Оның қазасын естігенде қатты толқыдым. Ойымда жүрген әуенді соның қазасына арнағым келді», — деді жас автор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.