Балабақшадағы дау: 30 жылдық тәжірибесі бар тәрбиеші балаларды соққының астына алды (ВИДЕО)

0 3

Шымкентте «миллионер» бүлдіршіндер баратын элиталы балабақшада шу шықты. Мектепке дейінгі білім орталығында тәрбиешінің жаға ұстарлық әрекетін қызметкерлер видеоға түсіріп, әлеуметік желіге таратып жіберген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Видеода 30 жылдық тәжірбиесі бар тәрбиеші қатар тізілген балалардың бірін жолай ұрып, екіншісін түрткілеп, шапалақтың көмегімен қатаң тәртіп орнатып жүр. Шапалақ тиген бүлдіршіндер еңіреп жылағанына қарамастан, тәрбиеші дөрекілік көрсетуін тоқтатпаған.

Сұмдық жағдай қаладағы «Балаби» балабақшасында орын алған. Балаларға сарбазша қатал тәртіп көрсеткен тәрбиеші Құралай Бапаева екені анықталды. Ал бұл жағдайды видеоға түсіріп тұрған оның көмекшісі Ирода Бекмедова. Екеуі де жұмыстан босатылған.

Білім саласы өкілдерінің айтуынша, қос тәрбиешінің жұмыстан босатылуына бұл айқау шудың қатысы жоқ. Бақшадағы балаларға қол көтерген тәрбиешелір әріптестеріне моральға қайшы қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босатылған болып шықты.

«Бұл жағдай 2018 жылдың наурыз айында Шымкентетгі «Балаби» бала-бақшасында болған. Бақшаның құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова, меңгерушісі Людмила Новикова. Видеода көрсетілгендер «Гномик» тобының тәрбиешісі И. Бекмедова және К. Бапаева. Екі қызметкер жұмыс барысында сайыспаған әрі моральға қайшы қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босатылған», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық білім басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.