Қыздың кеудесінен 14 жылдан бері аяқ-қол өсіп жатыр – дәрігерлер операция жасамақ (ВИДЕО)

0 4

Тай дәрігерлері Филиппин провинциясында тұратын 14 жастағы Вероника Комингеске кеудесінде өсіп жатқан артық аяқ-қолдан құтылуға көмектесуге дайын. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Mail мәліметінше, Филиппинде дәрігерлер баланың денсаулығына алаңдап, күрделі отаны жасауға тәуекел етпеген.

Вероника осындай ерекшелікпен дүниеге келген, есейе келе сыңарының жетілмей қалған аяқ-қолы онымен бірге өсіп, ыңғайсыздық тудырады. Сонымен қатар, қыздың денесі мен өсіп келе жатқан аяқ-қолдың арасынан иісі жағымсыз сұйықтық ағып,  жасөспірімнің өмірін қиындатқан.

Қыздың Таиландқа сапарын ұйымдастырушылар операция сәтті өтіп, болашақта қыз бақытты өмір сүреді деп үміттенеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.